15 қыркүйектен бастап маска режимі енгізіле ме?: Министрлік өкілдері жауап берді

15 қыркүйектен бастап маска режимі енгізіле ме?: Министрлік өкілдері жауап бердіplaceholder

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер мен маска режимі енгізілетіні жөнінде ақпараттар тарауда. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Telegram-дағы арнасында жауап берді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Сондай-ақ маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.

“Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз”, – делінген хабарда. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар