13 және 15 жастағы ағасы мен қарындасын зорлағандар ұсталды

13 және 15 жастағы ағасы мен қарындасын зорлағандар ұсталдыplaceholder

13 және 15 жастағы ағасы мен қарындасын зорлағандар ұсталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Кәмелетке толмаған балаларды зорлаған екі ер адам уақытша ұсталып, қамалған.

Сұмдық оқиға Павлодар облысы, Майқайың кентінде болған.

«Баянауыл ауданында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді зорлау оқиғасы тіркелді. Майқайыңда тұратын бірі 13, екіншісі 15 жастағы қарындасы мен ағасына қатысты педофилдік әрекет жасалған.

Жыныстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша екі ер адам ұсталып, уақытша қамалды. Зардап шегушілерге барлық көмек, соның ішінде психологтар көмегі көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова.

Облыстық білім беру басқармасы да аталған деректі растады.

Павлодар облысының прокуратурасы Баянауыл ауданында балаларға зорлық-зомбылық көрсету деректерінің артып отырғанын мәлімдеді.

«21 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өсуіне байланысты Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Дюсекеновтың төрағалығымен Майқайын кентінде көшпелі жедел кеңес өткізілді.

Оған облыс әкімінің орынбасары, полиция департаменті басшысының орынбасары, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудан колледждері мен мектептерінің директорлары қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың жұмысындағы жүйелі кемшіліктер анықталып, жекелеген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер басталды.

Криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында полиция қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне нақты міндеттер қойылды. Оларды орындауға бүгіннен бастап кірісті», – делінген прокуратураның хабарламасында. 

Басқа да жаңалықтарды оқи отырыңыз.

Бөлісу:

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар