12 жастағы оқушы қыз босанды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Оқушы қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Павлодар облысы Білім басқармасының мәліметінше, 12 жастағы оқушы қыз баланы дүниеге әкелген. Бір айдан кейін сәбидің анасы 13 жасқа толады. Кәмелетке толмағандардың жүктілігін мұғалімдер бірінші болып байқаған. Осы жағдайдан кейін ауданда іс жүргізілген.
“Мектеп директоры арыз жазып, өз еркімен жұмыстан кетті, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды”, – деп түсіндірді Павлодар облысының білім басқармасы.