12 жасар қызын зорлаған "әке" сотталды

12 жасар қызын зорлаған "әке" сотталдыplaceholder

12 жасар қызын зорлаған “әке” сотталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қарағандыда Евгений Кулагин есімді азамат 12 жасар өгей қызына зорлық көрсетті деп айыпталып, 20 жылға сотталды.

«Евгений Кулагиннің өгей қызы оны үй жұмыстарына мәжбүрлегені үшін биологиялық әкесінің кеңесімен жалған айып тағуға мәжбүр болғанын мойындаған. Бастапқыда жүргізілген сараптамалар зорлық белгілерін растаған жоқ. Алайда полицияның талабымен қосымша сараптамалар жүргізіліп, бұл жолы зорлық белгілері анықталды деген қорытынды жасалған», – деп жазылған «Патриот» Telegram арнасындағы жазбада.

Өгей әкесінің адвокаты Илья Махлов қыздың алғашқы күні-ақ айыптаулардан бас тартқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, адвокат тергеу барысында заңбұзушылықтар болғанын атап өтті.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Евгений Кулагинді 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать − пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар