12 мамыр – мейірбикелер күні

441889826 2002145893514246 4697949475915770872 n e1715358012693

12 мамыр бүкіл әлемде мейірбикелер күні атап өтіледі. Бұл мереке тарихтағы алғашқы қайырымдылық мейірбикелер ұйымын құрған әйгілі ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде атап өтіледі, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Медицина саласының ең үлкен әскері болған мейірбикелердің мерейлі мерекесінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының аға мейірбикесі Орынкүл Күзибаева мен облыстық периниталдық орталығының акушері Алуаш Әбілдаева мерекенің маңызын тілге тиек етіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

“Медицина – жауапкершілігі мол сала. Мен еңбек жолымды перзентханалар бөлімінде бастадым. Қаламыздағы медициналық колледждегі ұстаздарымның маған берген білімі, өміріме азық болды. Еңбек өтілім – 30 жыл. Осы уақыт аралығында саладағы еңбегіміз ескеріліп, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталдым, еселі еңбегіміз жоғары бағаланды. Мейірбикелердің қызметінен хабар беретін “Шаттық ұясы” атты кітапқа есімім енді. Бүгінде босану бөлімінің акушері болып қызмет жасаймын. Бұл қызметте мен мейірімділік деген қасиетті темірқазық көремін. Сәбиін бауырына басып, нұрланып қараған анаға қызмет жасау мен үшін де үлкен мәртебе,”- деді АЛУАШ ӘБІЛДАЕВА.

“Бүгінгі мерекемен барша мейірбикелерді құттықтаймын. Біздер үшін маңызы зор мереке. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласының тумасымын. 20 жыл мейірбике қызметін атқардым. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық медицина университетінің екінші курс студентімін. Медицина саласы үлкен ізденісті талап етеді. Саланы толық меңгеру үшін білімімді жетілдіріп жатырмын. Өзімнің әпкем мейірбике болып қызмет жасаған. Сол әпкеме еліктеп, мен де осы саланың өз адамы болғым келді. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеймін. Мейірбикелердің жұмысы уақыт талғамайды. Ауырған жанға алғашқы көмек ұсынатын сала мамандары шынымен де құрметке лайық. Оны көзбен көріп жүргеннен кейін, айтуым орынды,” – деді ОРЫНКҮЛ КҮЗИБАЕВА.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 + 20 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка