Мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысын уақытылы ала алмаған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысы Зеренді ауданында мемлекеттік мекемеде еңбек ететін 943 жұмысшының айлығы уақытылы төленбеген.
“Ауданның мемлекеттік мекемесінде 943 қызметкерге жалпы сомасы 397 млн теңге еңбекақысы берілмеген. Бұны Зеренді ауданының прокуратурасы анықтады, прокуратура шара қабылдағаннан кейін берешек төленді”, – дейді облыстық прокуратура.
Бүгінде қадағалау актісі бойынша қарыздар толық көлемде өтеліп, кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.