100 миллион теңге: Алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

i 2placeholder

100 миллион теңге шығынға батырып, алаяқтық жасаған адамдар тобы қолға түсті, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
 
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, зардап шеккендер анықталып жатыр.
 
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады.
 
Жетісулық прокурорлар алданғандар саны өсіп жатқанын мәлімдеді.
 
“Қырағы болып, банк шоттарының деректерін ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыздар”, – деп ескертті мамандар.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар