1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Жалақы, Қызылорда жаңалықтары, Азаттық-Ньюс

Еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы артады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

1 шілдеден бастап аталған сала қызметкерлерінің лауазымды жалақыларына үстемеақы алады. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Осылайша «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілген.

«Орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100 пайызға дейін үстемеақы алады. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар. Сондай-ақ, 113 авиациялық күзет өртсөндіруші-десантшысының жалақысы көтеріледі», – делінген құжатта.

Қаулыны жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда республикалық бюджеттен 8 480,1 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ. 3,3 мыңға жуық қызметкерге үстемақы төленетін болды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать + 19 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар