Атырауда сотталушы сот залында тамырын кесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
40 жастағы ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарған сот шешімімен келіспегенін білдіріп, тамырын тамырын қағаз кесетін пышақпен кескен.
Сотталушы бұдан бұрын да сотты болыпты. Ажырасу кезінде оны әйелі өтініш жазып, 389-бап (өзінше билік ету) бойынша заң алдында жауапқа тартылған. Үкімнен кейін сотталушы азамат суйцид жасауға ұмтылған.