Автобус өртке оранды

Бүгін Қызылорда қаласында сағат 13.30 шамасында автобус өртке оранды. №1 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің ішінде 16 жолаушы болғаны белгілі болды. Сәтін салып барлығы автобустан шығып үлгірген.  Қытай маркілі үлкен сыйымдылықтағы автобус “Қызылорда Автобус паркі” ЖШС-не тиесілі, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер техниканы 20 минутта сөндірген. Толықтай өртеніп кеткен қоғамдық көлікті мамандар қалпына келтіру мүмкін еместігін жеткізді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар